Спорт саңлақтары ұлығыланды (ФОТО)

2018 12 26 img 6759 26 12 18 03 04 Жаңалықтар

2018_12_26_img_6759-26-12-18-03-04

Салтанат сарайында биылғы жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен бапкерлерді, спорт ардагерлерін, саланы дамытуға қосқан басқа да азаматтарды ұлығылау мақсатында «Спортшылар балы – 2018» кеші өткізілді.

 

2018_12_26_103041342600

Салтанатты шара атыраулық спортшылардың жыл бойғы жетістіктерін саралап берген бейне фильмді  көрсетумен басталып, одан соң сөз алған  облыс әкімі Нұрлан Ноғаев   спорт саласындағы атқарылған жұмыстарды, елеулі  жеңістерді айта келе, көпшілікті келер Жаңа Жылмен құттықтап, алдағы жарыстарда әр спортшыға сәттілік пен жеңіс серік болуын тіледі. Өңіріміздегі спортшылардың басын қосқан осы жиынға сондай-ақ, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, екі дүркін «Әлем барысы» Айбек Нұғымаров, дзюдодан Әлем чемпионы Максим Раковтар   құрметті қонақ есебінде шақырылды.

2018_12_26_img_6761-26-12-18-03-04

Шара барысында  Нұрлан Асқарұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет, муай-тай федерациясының президенті Ержан Табылдиевтерді  және  «Құрметті спорт қызметкері» белгісімен Сәрсенбай Бекешев,  Абат Қалкенов, Марат Қалбановтарды марапаттады. Сондай-ақ, спортты дамытуға қосқан үлестері  үшін Арман Тоғаев, Аманбай Қыздарбаев, Қисметолла Қуанаев, Жандос Қиянов, Бұрхан Оралбеков, Гүлсары Балтілеуова, Сансызбай Торғаев, Әділбек Ерғожиев, Қайрат Досқалиев, Зинетулла Мұқлесов, Данияр Жақсиев, Аслан Жаманбаев, Мәлік Биғамбаев, Алмас Имашев, Руслан Аманғалиев, Халиолла Ақдрашев, Әсел Егеубаевалар аймақ басшысының Алғыс хатын алды.

48430140_2333650073522037_6693301700083580928_o

48939724_2333071473579897_2733452568838537216_o

48963674_2333826820171029_446248798566481920_o

48415276_2333652636855114_5057196344611962880_o

 

Салтанат үстінде 18 номинация бойынша үздіктер анықталып, Индонезияның Джакарта  қаласында  өткен ІІІ Паразиада ойындарында  суға жүзуден екі дүркін чемпион атанған  Ержан Сәлімгереев  «Жыл спортшысы» атанса, «Жыл жаттықтырушысы» атағы каратэден облыстық жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Болат Ізбасқановқа бұйырды. «Үздік федерация» аталымына облыстық  кикбоксинг федерациясы лайық деп танылып, Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі «Үздік бөлім» ретінде аталды.

48422774_2334270143460030_5524978846480203776_o

Ал, ІІІ Паразиада ойындарында қола жүлдеге ие болған параволейболшылар «Үздік команда», джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанған Тыныс Бисалиев «Үздік ардагер», Ел біріншілігі және Конфедерация Кубогын иеленген  облыстық дзюдо құрамасы  «Жыл серпілісі», Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері, каратэші Батырғали Әбілмансур «Ең үздік жасөспірім», еркін күрестен Азия чемпионы атанған Сырбаз Талғат «Жас спортшы», №1 мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі «Үздік спорттық ұйым», биылғы ең ауқымды жоба «М1 Глобал» шарасын өткізуге тікелей қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан Марат Түсіпқалиев «Спорт жанашыры», Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев «Үздік спорттық әкім», «Атырау» волейбол командасының директоры Ғабиден Хатипұлы «Үздік басшы»,  «Каспий Кубогы – Жайық жағасында» шарасы «Үздік жоба», жеңілатлетикалық марафондар «Үздік спорттық-бұқаралық шара», Атырау облысының спортын дамыту және қолдау қоры «Үздік спорт серіктесі»  номинацияларын иеленді.

48422025_2333651240188587_7283264618384850944_o

Сонымен қоса, спорт саласын насихаттап жүрген Атырау аймақтық коммуникациялар қызметінің шолушысы Аққалыш Исатай «Үздік спорт шолушысы»,  «Ақ жайық» газетінің тілшісі Нұрбейбіт Нұғыманов «Үздік спорт тілшісі» атанды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз