Сирияда – тағы да қақтығыс

Ракета арқылы әуеден жасалған шабуыл кезінде Сирияның Алеппо қаласында 17 адам көз жұмды. Адам құқығы жөніндегі сириялық обсерваторияның мәліметінше, қаза болғандардың ішіндегі тоғызы бейбіт тұрғын көрінеді. «Бесеуі Президент Башар Асадқа жұмыс істейтін қауіпсіздік қызметінің адамдары» делінген ақпаратта.

Алайда, Сирияның үкіметтік ақпарат агенттіктері «он жеті емес, он сегіз адам қаза болды» деп мәлімдеп отыр. Ақпарат көздерінің мәліметінше, шабуыл кезінде армия қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдаланған.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз