Сирия асқан атыраулықтар саны азаймай тұр

cbhb Жаңалықтар

Бүгінгі таңда Сирияға кеткен Атыраулықтардың саны 54-ке жетті. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз конференциясында облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев мәлімдеді.

cbhb

Спикердің айтуынша, «отты нүктеге» аттанғандардың дені әйелдер екен. «Олардың ішінде отбасымен бірге қоныс аударғандардың саны – 14. Қазіргі таңда бір ғана Атырау облысы бойынша 67 бала соғыс даласында жүр», – деп атап өтті спикер.

Аталған 67 жеткіншектің екеуі 18 жасқа толған, 34 бала мектеп жасында, қалғандары мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер екені белгілі болды. Қазіргі таңдағы олардың тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр.

 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз