«Синий кит» ойынына еліткен оқушы қолын 71 жерден тілгілеп тастаған (фото)

Жаңалықтар

Ақтаулық жеткіншек әлеуметтік желіде әйгілі болған «Синий киттің» құрбаны бола жаздады. 13 жастағы Артем бұл ойынды ойнау үшін сол қолын 71 жерден тілгілеп тастаған деп хабарлайды КТК арнасы.

pogudxge7dqvhojuk.0c416b99

Айтуынша, ойынға қызығушылық танытқанмен, өз-өзін өлтіруді тіпті де ойламаған. Дегенмен, Артеммен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр. Оның қолындағы тіліктерді мектептегі мұғалімі мен учаскелік инспектор тексеріс кезінде анықтаған.

 «Бұл ойын туралы достарымнан естідім. Ойлана келіп, ойнамақшы болдым. . Мұны бірден орындап, суретке түсіріп, салып жібердім. Түк те ауырсынған жоқпын», – дейді Артем.

Ал полицейлер балаларды өлімге итермелейтін қауіпті сайттарға тосқауыл қойып әлек болып жатса, білім бөліміндегілер де өздерінше әрекет етуге көшкен. Облыстық білім басқармасындағылар сабақ кезінде балалардың смартфон пайдалануына тыйым салып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз