
Жаңалықтар
Шот айналымы 2 млн теңгеден асқандарды салық органы тексереді
Ұлттық банк салық органдары жеке тұлғалардың банктік шоттарын қашан және қандай жағдайда тексере алатынын түсіндірді.
Тексеру тек екі жағдайда жүргізіледі:
Егер жеке тұлғаның шотына әртүрлі адамдардан 100-ден астам ақша аударымы түссе;
Егер шоттағы ақша айналымы 2 миллион теңгеден асса.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов бұл өзгерістер тіркелмеген кәсіпкерлікті анықтауға бағытталғанын айтты.
“Банктік құпия жойылмайды. Бұл шара тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, табыс тауып жүрген азаматтарды анықтау үшін енгізіледі”, – деді ол.
Егер жоғарыдағы екі жағдай тіркелмесе, салық органдарына жеке тұлғалар туралы ешқандай дерек берілмейді.
Сурет: stan.kz



