Жарнама
Жаңалықтар

Шекарашылар ант берді

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінде «Күз-2025» әскери шақырылым сарбаздарының ант қабылдау салтанаты өтті.
Салтанатты рәсімге департамент басшылығы, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Әскери саптық алаңға департаменттің жеке құрамы мен Жауынгерлік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, іс-шара мемлекеттік Гимнмен ашылды.

3a1f6129 bbb1 472c 8888 0c71379b82c5


Департамент бастығы, полковник Дулат Есенжаров өзінің құттықтау сөзінде әскери анттың мәнін ерекше атап өтті.
– Бүгін біздің Департамент үшін салтанатты күн. Әскери ант – үлкен мемлекеттік маңызы бар құжат, оның талаптары заңнамалық сипатқа ие және оны әр әскери қызметші орындауға міндетті. Бұл сенімді ақтау – шекарашылардың ұлы парызы мен қасиетті міндеті. Отанға адал болуға ант беру арқылы сіздер тәуелсіз еліміздің аумағын лайық қорғаушылар боласыздар деп сенеміз, — деді ол.

667964de c4c8 47d1 b54c 0dd04edd0cce


«Күз-2025» шақырылымының 90 сарбазы Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант беріп, Отан алдындағы борышын өтеуге салтанатты түрде серттесті.
Іс-шара барысында ардагерлер мен ата-аналар сөз сөйлеп, жас сарбаздарға ізгі тілектерін жеткізді. Атырау облыстық Тәжік-Ауған ардагерлерінің «AIBYN» қоғамдық ұйымының мүшесі Берік Сәлімбаев жас шекарашыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

e7bbdf33 bb3e 4ca7 a728 ccde704114db


– Бүгін – сіздердің, жасөспірімдердің, жас сарбаздардың ерекше күні. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Оқу орталығынан алған сабақтарыңызды қызметте пайдаланып, тәжірибеге енгізіңіздер. Ең бастысы – зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін. Аспанымыз тыныш болсын, Отанымыз бейбіт болсын. Ата-аналарға да айтарым, бүгін сіздердің балаларыңыз нағыз ер азамат атанып, ел алдында ант беріп отыр, — деді ардагер.

425f998c 2866 4172 a62b e1ca9ed9ccb0


Ант қабылдау рәсімінен кейін көрермендерге техникалық және кәсіптік даярлау бөлімшесінің келісімшарт сержанты Жарлықасын Әбдір жетекшілік ететін «Марго» атты қызметтік иттің көрсетілімі ұсынылды. «Марго» мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстау кезіндегі іс-қимылдарын шебер орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
«Марго» қызметтік иті 2020 жылдан бері түрлі операцияларға қатысып келеді. Ол кез келген қиын тапсырманы қиналмай орындап, өз жетекшісінің бұйрықтарын бұлжытпай орындайды.

bf49db7b 96bf 4c47 9af5 de435210a93f


Іс-шара соңында департамент бастығы жеке құрамды жаңа толығумен және сарбаздарды әскери ант қабылдауларымен құттықтап, ұжымға табыс тіледі.
Бағдарлама соңы «Құрманғазы» мәдениет сарайы өнерпаздарының концерттік нөмірлерімен өрнектеліп, ата-аналар мен қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады.

Алмас ҚАБДОЛ,
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button