СЕНІМГЕ САЙ СЕРПІН

Жаңалықтар

Мектептің тарих пәні бірлестігі мұғалімдерінің «Мәңгілік елдің тарихы – ұлт тарихында» апталығы аясында ұйымдастырылған басқосуға облыстық, қалалық әкімдіктен қызметкерлер және облыстық Дін істері жөніндегі басқармадан мамандар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Жиында Елбасымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығында сөйлеген бейнебаяны көрсетілді. «Нұр Отан» партиясы «Өрлеу» бастауыш ұйымының хатшысы Жазықбай Асанов мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделімен, мемлекеттік қызметшілердің жаңа кадрлық корпусын қалыптастыру жолында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Дін істері басқармасының ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары Сабыржан Төлегенов облыстағы діни ахуалдың алдын алу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде ойымен бөлісті. Мектеп психологі Айгүл Сұлтанғалиева оқушылар арасындағы құқықтық тәрбие және діни сауаттылықты арттыру мақсатында жасалған жұмыстарға тоқталып, оқушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінің қорытындысымен таныстырды.

Атырау қалалық білім бөлімінің әдіскері Жұмазия Жолмұқанова білім беру саласы қызметкерлеріне қатысты реформаның ерекшелігіне, оқушылардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды енгізу, кәсіби білім беру іс-шараларына тоқталды.

Майра ҚОЖАРЫҚОВА,

тарих пәні бірлестігінің жетекшісі,

Атырау қаласы.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған