09

«Сары аймақ»: Атырауда бір тәулікте 49 адамнан коронавирус анықталды

Жаңалықтар
9 / 100

460 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 31, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 7 науқас анықталды.

Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 4 адам, Индер ауданында – 3, Исатай ауданында – 1, Құрманғазы ауданында-2, Махамбет ауданында 1 адамнан анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 14 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 19 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 594 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 140,

№2 облыстық ауруханада 106, фтизиопульманологиялық орталықта 29, аудандық инфекциялық стационарларда 114 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 71 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған