Жарнама
Жаңалықтар

«Сармат» мектебінің шәкірттері сарбаз атанды

Бүгін  Жеңіс саябағында Атырау облысы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының VII-VIII сынып оқушылары «Жас сарбаз» республикалық жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысына қабылданып, жас сарбаздар қатарына қосылу үшін ант қабылдады. Бұл маңызды оқиғаға облыстық білім басқармасының, әскерибөлімдердің, қоғамдық бірлестіктер мен ата-аналардың өкілдер іқатысты.

Жас сарбаздар қатарына енген 92 жасөспірім үшін бұл – патриоттық борышты қабылдау, ел алдындағы міндеттерін саналы түрде сезіну сәті. «Жас Сарбаз» қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев шараның маңыздылығын атап өтті.

Бүгінгі ант жас сарбаздардың жүрегіндегі патриоттық сезімнің, адалдықтың және болашаққа сенімнің нышаны. Бұл Отанға, халқыңа, туған жеріңе деген шексіз сүйіспеншіліктің, адамгершілік пен парыздың биік көрінісі. Әрбір жас сарбаз өзіне жүктелген міндеттің маңызын терең түсініп, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге дайын екенін осылай дәлелдейді. Олар тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты дамуына өзіндік үлес қосатын ел жастарының жарқын бейнесі, — деп атап өтті.

c6a3e873 bc20 468c b105 871411e157f2

Жалпы, «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты бұл тек білім ошағы ғана емес, патриоттық тәрбие мен рухани жаңғыру ордасы. Мұнда 285 оқушы білім алып жатыр. Лицейдің басты мақсаты – жастарды ғылым мен сусындатып қана қоймай, олардың бойында батылдық, төзімділік, қайсармінез, жоғары мәдениеттілік пен азаматтық борыш сезімін қалыптастыру.

Мектепте оқушыларға тек теориялық білім ғанаемес, сонымен қатар алғашқы әскери дайындық, шахмат, бокс, дзюдо, джу-джитсу, футбол, баскетбол сияқты спорттық бағыттар, сондай-ақ хореография, домбыра, хор әні сияқты өнер сабақтары тегін өткізіледі. Бұл кешенді тәсіл жасөспірімдердің жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

Бүгінгі салтанатты рәсімде Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Лаура Меңдіғалиева сөз сөйлеп, жас сарбаздарды қолдап, олардың еліміздің болашағы екенін баса айтты. Сондай-ақ, облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Шота Қанатов жас жеткіншектердің  бойындағы отансүйгіштік пен батырлық рухты тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

«Сармат» мектебінің патриоттық бағыты тек жергілікті деңгейде ғана емес, республикалық және халықаралық ареналарда да жоғары нәтиже көрсетуде. Оқушылар Алматыдағы «Айбын-2024» әскери патриоттық жастар жиынында пневматикалық винтовка атудан және әскерилендірген эстафетадан жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, Шымкентте өткен Азия чемпионатында X сынып оқушысы Дархан Мұхсимат джиу-джитсудан күміс медальға ие болды.

02ce613f c657 4bf2 b9ee a9d0afcd3cb2

Лицейдің халықаралық байланыстары да назар аударарлық. Мәскеуде өткен «Жеңіс мұрагерлері» әскери-спорттық ойынына қатысқан жас сарбаздар жалпы командалық есепте үшінші орын алды. Бұл білім мен тәрбие, спорттық дайындықтың айқын көрсеткіші.Сонымен қатар, «Жас құтқарушы», «Жас полицей», «Жас шекарашы», «Жас барлаушы», «Жас Бүркіт» сияқты сыныптар құрылып, онда оқушыларға кәсіби бағыттағы білім мен дағдылар беріледі.

8c721a7e 9440 4dce b62d 9c13e2185f49

«Сармат» мектебі жас ұрпаққа адал қызмет пен патриоттық рухты дарытып, еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруда маңызды орынды иеленеді. Жеңіс саябағында өткен ант қабылдау рәсімін жас сарбаздардың ел алдындағы жауапкершіліктерін сезініп, патриоттық дәстүрді жалғастырудағы тағы бір маңызды кезеңі деп айтуға болады.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button