Жарнама
Жаңалықтар

«Сармат» мектебінде «Жас шекарашы» клубы ашылды

«Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының саптық алаңында “Жас шекарашы” балалар әскери-патриоттық клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара аясында оқушылар «Жас шекарашылар» қатарына қабылданып, арнайы куәліктерін алды.

95c35f62 28b4 40e2 94d4 44b6585499b2

Салтанатты жиын мемлекеттік Әнұранмен басталып, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының туы енгізілді. Әскери дәстүрге сай сәлемдесу рәсімі орындалып, қонақтар мен қатысушыларға патриоттық рухтағы өлең жолдары оқылды.
Іс-шараға ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті басшылығы, застава өкілдері, әскери бөлім командирлері және қонақтар қатысты. Жиын барысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара Атырау облысы бойынша департамент бастығының орынбасары, полковник Орал Батырғалиев «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры Нұрлан Елеуовке ту табыстады.

c56c5deb 0001 47e4 9876 b9592b314e91


«Жас шекарашылар» тобының саптық алаңға шығуы ерекше патриоттық рух сыйлады. Қатарға 11-сынып оқушылары Мақсат Ұзаққайыр, Амандық Қуандық, сондай-ақ 7 «Г» сынып оқушылары қабылданды. Салтанатты рәсімде жас шекарашылар Отанға адал қызмет етуге, білімге ұмтылуға, тәртіп пен қырағылықты сақтауға ант берді.

e2fcd78f 97c5 426e 9548 c36f4611d30d

Ант қабылдаған соң оқушыларға куәліктер табысталды. Бұл рәсім олардың еліміздің шекарасын қорғауға дайын, батыл әрі отансүйгіш азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды қадам болды.
Жас өрендерді құттықтау сөздері айтылып, қонақтар жас шекарашылардың болашағына сәттілік тіледі. Саптық алаңнан шерулете шыққан оқушылар мерекелік шараға ерекше сән берді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button