izobrazhenie 2021 02 09 185755

СарапTime: Атыраудағы тұрғын үйлер қаншалықты қолжетімді?

Жаңалықтар СарапTime
7 / 100

Баспана мәселесі кімді болса да алаңдатпай қоймайды. Әсіресе, «өз үйім – өлең төсегім» деп, үй-жайдың қамын алдыңғы қатарға қоятын қазақ үшін пәтерден пәтерге көшіп жүргеннің сәні болмасы анық. Оның нарықтағы бағасы, қолжетімділігі туралы ақпараттан бүгінде ешкім де құр қалғысы жоқ.

Статистикалық деректерге сүйенсек, республикада былтырдың өзінде жаңадан салынған тұрғын үйлер 5 пайызға, екінші деңгейлі тұрғын үйлер (вторичное жилье) 13,2 пайызға қымбаттаған. Ал, баспана бағасының бұлайша құбылуына әсер ететін фактор өте көп.

Баға неге қымбаттайды?

Э к о н о м и с т М а қ с а т Халықтың сөзінше, жалпы үй бағасы былтырғы тамыздан бері қымбаттай бастады. Сарапшы оның себебін мемлекеттік бағдарламалардан іздейді.

– Мысалы, Алматы облысында мұғалім, журналист, ғылым саласындағы жас мамандарға мемлекеттен ипотекалық үйлер берілді. Олар екінші деңгейлі банктер арқылы 13 миллион теңгеден бастап қаржыландырылатын болды. Тамыз айында сатуға шығарылған пәтерлердің саны 300-дей екен. Сол айда 1 мың адам нарыққа шықты да, үй қожайыны баспанаға мұқтаждар санының бірнеше есе көп екенін бірден байқады. Аяқ астынан баға шарықтап кетіп, 14 миллион теңгеден арзан үй таптырмай қалды. Соның кесірінен, ең нашар деген үйдің өзі 13 миллионға өтіп кетті. Бірақ, нарықты зерттеп, асықпай іздеген адам бір бөлмелі пәтерді 9-10 миллион теңгеге де тауып алатын еді, – дейді экономист.

Тағы бір себеп сан құбылған д ол л а р б а ғ а м ы н а н б ол у ы мүмкін. Мысалы, былтыр наурызда АҚШ валютасы курсының тұрақсыздығынан құрылыс компаниялары «қажетті материалдарын көбіне шетелден әкелеміз, қымбатшылықтың себебі сол» деп ақталып еді.

– Қазақстанда 90 пайыз отандық құрылыс материалын қолдану арқылы үй тұрғызуға толық мүмкіндік бар. Десек те, қажетті өнімді шетелден тасуға әуеспіз және сондайлар көп. «Материалдарды шетелден қымбатқа алдық, үйді арзан бағаға бере алмаймын» деп шіреніп тұруы сол себепті. Бір байқағаным, қазір құрылыс материалдарының бағасы шарықтап өсіп кетті. Тіпті, Қазақстанда шығатын өнімнің өзі 2 есеге қымбаттап жатыр. Меніңше, бұл жерде әдейі құрылған мүдделі топтар бар секілді, – деді М.Халық.

Жалған жарнамалар

Б і р ы ң ғ а й ж и н а қ т ау ш ы зейнетақы қорындағы шекті сомадан асатын қаражаты бар азаматтардың көбі НұрСұлтан, Алматы қалалары мен Маңғыстау, Атырау облыстарынан екені бұрыннан мәлім. Демек, Атырау облысы – көп салым жинаған өңірлердің қатарында. Нақты айтқанда, зейнетақының бір бөлігін пайдалана алатын азаматтардың жалпы жинағы бойынша Атырау облысына салымның 10,5 пайызы, яғни, 257,4 млрд. теңгесі тиесілі. Бұл мұнайлы өңір тұрғындарын қуантып қоймай, кейбір тұста көңіліне қаяу түсіретіні де сөзсіз. Экономистің айтуын – ша, үй бағасына әсер ететін тағы бір фактор – «қордан алынған ақша үйдің бағасын қымбатсытып жібереді» деген қауесет. Сарапшылар мұндай кезде тұрғын үй нарығын жіті бақылап, зерттеуге кеңес береді.

– Құрылыс компанияларының жарнамаларынан-ақ көріп қалдым. «Бізге келіп, үй алып қалыңыздар. Қазір алмасаңыз, кеш болады. Ертең зейнетақы қорынан ақша алынғанда, үй сатып алу мүлдем мүмкін емес» деген жарнамалар көбейіп кетті. Әрине, ол – ақпараттық манипуляция. Шындығында, тұрғын үй сатып алуға деген ынтаықылас айтарлықтай жоғары емес, мұндай даңғаза қолдан жасалып жатыр. Сол себепті үй сатып алғысы келетіндерге біраз күту керек. Көктемде тұрғын үй нарығында нақты қанша адам үй сатып алуға дайын екені жөніндегі сұраныс айқындалады. Құрылысшылар сол сұраныстың өздері ойлағандай шарықтап тұрмағанына көз жеткізгенде, баға да бірыңғайланады деп ойлаймын, – деп сарапшы-маман өз болжамын айтты.

Атыраудағы тұрғын үй құны

«Realtor Group» атты жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы Элеонора Қабидың пікірінше , Атырауда ү й бағасының қымбатт ауына шетелдік компаниялардың көптігі әсер етіп отыр. Себебі, олардың қызметкерлеріне кезінде ең кемі 35-38 миллион теңге көлемінде пайызсыз ипотекалық үй берілген. Соның әсері болар, 2015 жылдан бастап пәтер бағасы шарықтап шыға келді. Әйтпесе, жылжымайтын мүлік саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар маманның пікірінше, Атырауда тұрғын үй бағасы қымбаттап жатқан жоқ.

– Президент «зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін пайдалануға болады» деп айтқаннан бері қымбатшылық қолдан жасалды. Өйткені, Атыраудағы зейнетақы қорынан үй алатындардың көбі – мұнай ком п а н и я л а р ы н д а ж ұ м ы с істейтіндер. Демек, үй-жайы, жағдайы бар азаматтар. Олар алдағы уақытта Атыраудан емес, Алматы не Нұр-Сұлтан қалаларынан пәтер алуға тырысады. Қараңыз, енді сол қалалардағы баспана құны қымбаттайды. Ал, тұрғын үйге шын мұқтаж адамдардың зейнетақы қорындағы қаржысы бір бөлігін алуға жете бермейді. Оған қоса, «Атырауда келешекте үй қымбаттайды» деп айта алмас едім. Себебі, бұл қала негізінен «ауысымдық елді мекенге» айналып бара жатқаны анық байқалып тұр, – дейді агенттік басшысы.

Элеонораның пікіріне құлақ аспасқа болмайды. Өйткені, тек Атырау емес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысындағы қордағы қаржысын пайдалану мүмкіндігі бар халықтың жалақы мөлшері көп. Мәселен, Түркістан облысы тұрғындарының жалақысы тым төмен. Бұл – экономикалық тұрғыдағы айырманы айқын көрсетер дәйек. Сондықтан, бұдан жақсы нәтиже күтуге бола қоймас. Дегенмен, қаржы сарапшысы Мақсат Халық «БЖЗҚ-дағы жинақты алған соң тұрғын үй нарығында қымбатшылық болады» дегенді теріске шығарып отыр.

– Зейнетақы қорындағы ақшаны тұтынатындардың дені, тіпті 80 пайызға жуығы бұған дейін алған ипотекалық несиесін өтеуге жұмсайын деп отыр. «Жаңадан үй сатып алуға сұраныс көбейді» дегенге қосылмаймын. Сондықтан, «тұрғын үй нарығында дефицит болады» деу жаңсақ пікір. Сосын халықтың тағы бір бөлігі оқиғаның қалай өрбитінін бақылап отыр. «Жиналған ақшамды мен неге түсіремін?!» деп отырғандардың ұстанымын қолдаймын. Өйткені, экономиканың заңдылығы сондай. «Бәрі сатып алып жатқанда – сатып алма; бәрі сатып жатқанда – сатпа» деген қағида бар. Екі жағдайда да тұтынушы ұтылып қалады. Бір нәрсе айқын, зейнетақы қорынан ақша алып жатқандар – табысы жоғары адамдар, кәсіби мамандар. Олар да оңайлықпен дүрбелеңге беріле салмайды, үй қымбаттағаны туралы сыбысты естігенде нарықты зерттейді. Егер құрылыс компаниялары күтіп отырған с ұ р а н ы с а қ т а л ма с а , о н д а тұрғын үй бағасы реттеледі. Ал, Атыраудағы тұрғын үй бағасына тек ішкі сұраныс әсер етеді деп ойлаймын, – деп нақты пікірін айтқан М.Халық қандай жағдайда да ойша безбендеп барып, әрекет қылуға шақырды.

Түйін:

Біздің ұғымымыз бойынша, тұрғын үй бағасына қатысты пікір өте көп. Оның алдағы уақытта арзандауы немесе қымбаттауы тек сұранысқа байланысты. Мысалы, Қазақстандағы риэлторлар қауымдастығы карантин кезінде пәтерден гөрі жекеменшік үйге сұраныстың жоғары болғанын айтады. Себебі, 2 айдан астам уақыт карантин талаптарын сақтап, үйден шықпаған адам жер үйдің жайын түсінді. Соған қарағанда, «БЖЗҚ-дағы жинақты пайдалану процесіне байланысты баспана бағасы қымбаттайды» деген ақпараттың артында пайдакүнем топтардың мүддесі тұруы да мүмкін. Абзалы, әліптің артын бағып, нарықтың бәсін назарда ұстаған жөн.

Алтынбек МЕРСАДЫҚ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған