
«Saraishyq Upgrade — 2025» форумы креативті жастарды біріктірді
Атырауда креативті жастардың басын қосқан ерекше шара басталды. Екі күнге жалғасатын “Saraishyq Upgrade 2025» халықаралық форумының бүгін ресми ашылуы өтті.

Форумның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сөз сөйлеп, жастардың ел болашағын өзгертетін күшке ие екенін ерекше атап өтті.
Бұл халықаралық шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Әзербайжаннан 300-ден астам жалындаған жас жиналды. Жас мөлшері – 14 пен 35-тің арасы.

Форум өнерден бастап жасанды интеллектке дейін 6 саланы қамтиды. Кинематография, музыка, IT және жасанды интеллект, маркетинг, театр, хореография сияқты бағыттарда үздік отандық мамандармен семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіледі.

Әр бағыт бойынша ең үздік 6 жобаға 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі! Бұл – тек қана ақша емес, армандарға жол ашатын мүмкіндік!



Хұсни ХАМЗА


