Саперлер әскери снарядты залалсыздандырды (+ФОТО)

WhatsApp Image 2019 06 09 at 10.44.33 Жаңалықтар

Atr.kz/20 маусым, 2019 жыл. Жуырда Ақтөбе облысына қарасты Мөңкеби ауылының жанындағы жайылымнан жергілікті шопан әскери снарядқа ұқсайтын жарылғыш зат тапқан.

Шопан сол бойда қорқынышты зат табылған орынды белгілеп, ауылдық округтің учаскелік инспекторына хабарлауға асықты. Ал, инспектор 30238 әскери бөлімнің кезекшісіне хабар береді.

Дереу «Батыс» Өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Нұрлан Алдияровтың нұсқауымен және инженерлік қызметтің бастығы, майор Аслан Баймағамбетовтың басшылығымен аталған орынға 30238 әскери бөлімінің минасыздандыру тобы жіберілді.

WhatsApp Image 2019 06 09 at 10.44.381
WhatsApp Image 2019 06 09 at 10.44.331

«Бұл бірінші жағдай емес. 2015 жылдан бері, жергілікті тұрғындар  металл сынықтарымен бірге тапқан, оннан астам ескі жарылмаған снарядтар минасыздандыру тобымен жойылды» дейді 30238 әскери бөлімнің командирі, полковник Руслан Утепов

Сонымен, Ақтөбе қаласынан 360 шақырым жерде орналасқан оқиға орнына келген топ өз жұмыстарына шұғыл кірісіп кетті. Минасыздандыру тобының ракеталық-артериялық қару-жарақ маманының жақынырақ тексеруінен кейін, жарылғыш зат 85 миллиметрлік кумулятивтік танкке қарсы снаряд болып шықты. Оның жағдайы тасымалдауға жатпады. Яғни, коррозияға ұшыраған, жарылғышы жауынгерлік жағдайға қойылған, снаряд қауіптің 3-ші дәрежесінде болды.

WhatsApp Image 2019 06 09 at 10.44.34
WhatsApp Image 2019 06 09 at 10.44.351

Саперлер снарядты сол жерде жоюға шешім қабылдады. Сонымен қатар, іргелес аймақтарда да жарылғыш заттың жоқтығына сенімді болу үшін минасыздандыру тобы аумқаты бір тексеріп шықты.

Ал, 30238 әскери бөлімнің минасыздандыру тобының командирі, майор Аслан Баймағамбетов «Кеңес дәуірінде соңғы үлгідегі әскери техниканы және қару-жарақты зерттеу және сынау, жауынгерлік атыс жүргізу үшін қолданылған. Ембі полигонының жақындығы, әлі күнге дейін тосынсыйлар ұсынады. Табылған снарядтың кеңес дәуіріне тиесілі екені даусыз» дейді.

Саперлер, қайғылы оқиғаның алдын алу үшін, металл сынықтарын жинаушылар жарылғыш заттарға  ұқсас нәрсе тапқан жағдайда,
өз-бетімен тасымалдамауына немесе түсті металл жинау нүктесіне тапсырмай, тез арада құқық қорғау органдарына  хабарлауын ескертеді.

Әуе қорғанысы күштері

Әскери институтының баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2019 06 09 at 10.44.371
WhatsApp Image 2019 06 09 at 10.44.38
WhatsApp Image 2019 06 09 at 10.44.372
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз