«Самұрық – Қазына» қазақстандық полицияға 1 миллион маска тапсырды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/15 сәуір, 2020 жыл. «Самұрық-Қазына» компаниясы Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерін медициналық маскаларымен қамтамасыз етті. 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаражаты есебінен 1 миллион медициналық маска ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық-түзеу жүйесі мекемелерінің өндірістік объектілерінде тігілді.

Қорғаныс құралдары қызметкерлерге таратылды. Бұл көлем Ішкі істер министрлігінің жеке құрамының қажеттіліктерін толықтай жапты.


Бұдан өзге, «Самұрық-Қазына» қоры коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу шараларына 450 млн теңге бөлді. Қаражат Денсаулық сақтау министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бөлінді. Әрбір ведомство 150 млн теңгеден алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған