Сайлау күні Мақатта қоғамдық көліктер тегін жүреді

9b7ecf41 eb9f 4620 bc4e 85ae6ccc21c8 Жаңалықтар

9 маусым күні ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс беруші сайлаушылар үшін ішаралық қоғамдық көліктер тасымалы тегін қызмет көрсетеді.

«Мақат кенті ішаралық жолаушылар тасымалдайтын №1 маршурты, Доссор кенті ішаралық жолаушылар тасымалдайтын №2 маршурты және Бәйгетөбе ауылы мен Мақат кенті 4-бөлімшеге дейін жолаушылар тасымалдайтын №4 маршурттарында жол жүру ақысы тегін болады. Аудан тұрғындары  сайлау учаскелеріне тегін жетіп, қалаған үміткеріне дауыс бере алады», – деп хабарлады Мақат ауданы әкімі аппараты.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мақсатында бұл күні аудан орталығында Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алдында, Газшылар ықшам ауданы «Үміт» жатаханасының алдында, М.Баймұханов мектебінің алдында және Доссор кентінде Доссор мәдениет үйінің алдында сауда саттық және азық түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз