Құрманғазы ауданында жаңа полиция бөлімі ашылды

754 Жаңалықтар

Ресеймен шекаралас жатқан Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр ауылдық округінде жаңа полиция бөлімі ашылды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

754

Тәртіп сақшылары бұрын Азғыр өңіріне аудан орталығынан ат арылтып, 300 шақырымнан қатынаса, қазір ауылда отырып, тәртіпті күшейтуге мүмкіндік бар.

Полиция бөлімінің ашылу салтанатына келген аудан әкімінің орынбасары Жастілек Хасанов 7000-ға жуық тұрғыны бар шалғай өңірде құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жеделдету өзекті мәселе болғанын айтты. Жаңа бөлімнің ашылуымен құттықтап, жергілікті атқарушы органдардың тарапынан полиция қызметін қолдау жалғасатынын жеткізді.

35990769_587528908314201_250481195622596608_o

Атырау облыстық ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сұлтан Молдашев құқық қорғау органдарының қызмет нәтижесіне тоқталып, облыста тіркелген қылмыс саны төмендегенін айтты.

«ҚР ІІМ кешенді жоспарына сай, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен, облыстың әр түкпірі, әсіресе, шалғай ауылдарды полицияның жіті бақылауына алуға бағытталған жұмыс жүргізілуде. Заманауи құралдардың көмегімен аудандардағы әр полиция бөліміндегі кезекші қызметін ІІД-нің жедел сараптамалық пультіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл қылмыстың ізі суымай ашылуына мүмкіндік береді және барлық қызметтер жедел әрекет етеді», – деді департамент бастығының орынбасары.

Сондай-ақ, 58000 тұрғыны бар Құрманғазы ауданында былтыр 15 қылмыс тіркеліп, 11-і ашылғанын айтты. Күрмеуі қиын, ізін суытпай ашу қиынға соғатын қылмыстар көбіне шалғайда болады.

Айта кету керек, 2016-2017 жылдары Қызылқоға және Исатай ауданында шалғай елді мекендерінде ашылған полиция бөлімшелері өміршеңдігін дәлелдеп, қылмыспен күресте нәтижелі жұмыс атқарып келеді.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз