img 20200819 wa0017

Республикалық жобалық кеңсе жетекшісі – Атырауда ⠀

Жаңалықтар Қоғам

Ағымдағы жылдың 17-18 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов Атырау облысына арнайы жұмыс сапарымен келген болатын.

Төлеген Зинешұлы Байғұлов Атырау облысына жұмыс сапарын Индер ауданынан бастап, аудандағы бірқатар проблемалық мәселелермен танысты.

Республикалық жобалық кеңсе жетекшісі бастаған қоғамдық мониторинг жұмысы аудан орталығы Индербор кентіндегі «Болашақ» ықшамауданында жаңадан бой көтерген «Ару Ана» тұрғын үй кешенінен басталды. Көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдың қараша айында пайдалануға берілген. Әрбір үйдің аумағы 110 шаршы метрді құрайды.

Пайдалануға берілгеннен кейін әлеуметтік желілерде тұрғын үйлердің сапасына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, аталған бағытта «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен аудандық әкімдікке тиісті ұсыныстар жолданған болатын. Бүгінгі іссапар барысында «Ару Ана» тұрғын үй кешеніне қатысты ұсыныстардың орындалысына мониторинг жасалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған