Жарнама
ЖаңалықтарӘдебиет

Республикалық айтыстың жеңімпазы — ақын Жансая Мусина

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты республикалық айтыс өтті.

Бас жүлде мен 2,5 миллион теңге көлеміндегі сыйақыны Батыс Қазақстан облысының ақыны Жансая Мусина иеленді.

6a020a2c 9f7c 4052 b8ec b86deefc9b87

Айтысқа барлығы 12 ақын қатысты. Олардың арасында сөз зергерлері – үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов (Қызылорда облысы) және республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Жансая Мусина бар.

Атырау облысының намысын белгілі айтыскерлер Серікбол Панабердиев, Жәнібек Садиров және мұнайлы өңірдің жас дарындарының бірі, бірнеше мәрте айтыстарда өңір абыройын қорғаған Батыржан Қадырбай қорғады.

a3be72dc 48bc 4eb8 ae76 440495385a46

Атыраулық ақындар айтыста жоғары деңгейде өнер көрсетті. Көпшілік көрерменнің пікірінше, Серікбол Панабердиев пен Мұхтар Ниязовтың айтысы биылғы сөз сайысының шеберлік эталоны болды.

Нәтижесінде, Серікбол Панабердиев Тұманбай Молдағалиев атындағы арнайы жүлде мен 750 мың теңге, ал Түркістандық Аян Ниязбеков Қадыр Мырзалиев атындағы арнайы жүлде мен 750 мың теңге иеленді.

Үшінші орын және 1 миллион теңге – астаналық Иран-Ғайып Күзембаевқа, екінші орын және 1,5 миллион теңге – Мұхтар Ниязовқа бұйырды.

Бірінші орынды және 2 миллион теңгеден сыйақыны астаналық Аруна Керімбекова мен атыраулық Батыржан Қадырбай өзара бөлісті.

5299a559 5724 4ab7 a51d 49950ad64fbb

Бас жүлде мен 2,5 миллион теңге көлеміндегі сыйлықты жеңіп алған Жансая Мусинаға айтыстың бас жүлдесін облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов табыстады.

Қалған қатысушылардың әрқайсысы 500 мың теңгеден иеленді.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button