
“Re.Women” әйелдердің құқықтары мен белсенділігін қолдайды
Re.Women – Respublica партиясының жанынан құрылған әйелдер қауымдастығы. Ол әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, белсенділігін арттыруға бағытталған қоғамдық қозғалыс. Бүгінде ел бойынша бұл ұйымның екі мыңнан астам мүшесі бар.
Аталған қоғамдық ұйымның өңірлік өкілдігінің жетекшісі Гүлназ Кәрімжанның айтуынша, қауымдастықтың басты мақсаты – әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және олардың қоғамдағы рөлін нығайту. Сондай-ақ олардың саяси, әлеуметтік, мәдени және экономикалық салалардағы белсенділігін арттыру. Рухани және кәсіби дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып, гендерлік теңдік пен әділдік идеяларын ілгерілету. Ең маңыздысы – әйелдер арасындағы ынтымақтастық бастамаларын қолдау болып табылады.
Дәулетқали АРУЕВ
Сурет: Ашық дереккөз



