0 9

Қызылқоғалық 85 адамға бизнес идея үшін грант берілді

Жаңалықтар Экономика
6 / 100

«Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев онлайн брифингте айтты», – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуикациялар қызметі.  

Яғни,  100 адамға кәсіп ашу мақсатында  несие беріліп,  жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін  85 азаматқа грант тағайындалған. Спикер » Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үшінші бағыты бойынша 2097 адам жұмысқа орналасқанын да мәлімдеді.


–      Оның ішінде 49-ы әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылып, 126 жас жастар тәжірбиесіне жолданды. Ал, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 1 038 адам жіберілді.  Бұдан бөлек,  бос жұмыс орындарына 884 қызылқоғалық тартылды, – деді Нұрсұлтан Бисембиев.

Айта кетейік, Қызылқоға  ауданында аталған бағдарламаның  бірінші бағыты бойынша 92 адам кәсіптік оқуға жіберіліп, оның ішінде 32 адам жұмысқа орналасқан.  Ал, екінші бағыты бойынша 80 адам «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерінен оқудан өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған