Жарнама
Жаңалықтар

Қысқы маусымға дайындық жұмыстары шеңберінде облыста 4200 адамға арналған 32 жылыту пункті жасақталды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Атырау облысы ТЖД басқарма бастығы Жантөре Демешов мәлімдеді.

Өңір аумағында жалпы ұзындығы 7 мыңға жуық шақырымды құрайтын республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1125,6 км, облыстық маңызы бар жолдар – 1927 км, ауыл ішілік жолдар – 1910,9 км.

– Қыс мезгілінде республикалық маңызы бар жолдарда қар басатын 62 арнайы аумақ анықталып, оларға 66 бірлік техника мен 78 адам жұмылдырылады. Сонымен қатар 6 жылыту пункті дайындалған. Бұл пункттерде ауа райы қолайсыз кезде жолда қалған азаматтар уақытша орналастырылып, жылу және азық-түлікпен қамтамасыз етіледі,– деді Ж. Демешов.

Қысқы маусымда төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 400-дей техника мен 844 тонна жанар-жағармай қоры дайындалған. Оның ішінде 177 бірлік қар тазалау, 121 инженерлік техника, және 100 эвакуациялық техника бар.

– Қатты аяз немесе боран кезінде жолдардағы қозғалысты уақытша шектеу туралы шешім тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылданады,– деді басқарма бастығы.

Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдардың балансында 380 тонна тұз және 617 тонна құм дайындалған.


Аудандық деңгейде 29 мың литр бензин және 41,8 мың литр дизель отыны көлемінде жанар-жағармай қоры жиналған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button