Жаңалықтар
«Құтқарушылар аллеясы» бой көтерді
Атырау қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінің ауласында Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай «Құтқарушылар аллеясы» ашылды.

Аллеяны құтқарушылар бір ай бойы өз күштерімен көркейтіп, жасыл желек отырғызып, демалыс аймағын қалыптастырды.
«Аллея қызметкерлердің бос уақытында демалып, ой сергітетін тыныш әрі көрікті мекеніне айналады деген ойдамыз» — дейді құтқарушылар.
Майра ЕРҒАЛИ



