Құрылымдар қызметі қайта ұйымдастырыла ма?

screenshot 20 1 Жаңалықтар

Атырау көлік және коммуникация колледжіндегі №11 сайлау учаскесіне жиналған халықтың қарасы көп екен. Дауыс берушілердің ішінен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ләззат Жылқышиеваны кездестірдік. Өзінің таңдауын жасап, сайлау учаскесінен шығып келе жатқан ол ой-пікірімен бөлісті.

 ​– Бұл – еліміз егемендік алғалы жетінші рет өтіп жатқан Президенттік сайлау. Мені сайлау учаскелеріне қарай толассыз ағылған халықтың еліміздегі осынау саяси науқанға деген оң көзқарасы, ауызбіршілігі қуантып отыр. Иә, біздің күшіміз – бірлікте! Біздің таңдауымыз – болашағы кемел, бәсекеге қабілетті, қуатты Қазақстан! Ендеше, еліміздің өркендеуі жолында адал еңбек етейік, дұрыс таңдау жасайық дегім келеді.

Қазіргі уақытта Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Қоғамдық кеңестің қызметін қайта ұйымдастыруда. Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі мен Қоғамдық кеңесті біріктіру ұсынылып отыр. Өйткені, олардың мақсаттары мен міндеттері бірдей.

Бұл әрекет құрылымдардың бірінің жұмысын бірі қайталамауға және қаралатын мәселелерді этникалық белгілері бойынша бөліспеуге мүмкіндік береді. Бұл ұсынысқа негіз де жоқ емес. Белгілі бір елдімекенде Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өтеді. Одан әрі осы ауылға партия мүшелері мен ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері келеді. Сол мәселелер қайта көтеріледі, бірақ оны жергілікті атқарушы орындар шешеді. Мұның бәрі халықтың наразылығын тудырады да, ҚХА жұмысына сын айтылады. Осындай олқылықтардың орны толса деген ізгі ниетім бар. Бәрі – уақыт еншісінде. Осы мәселелер Президент сайлауынан кейін бір ізге түсіп, жүйеге келеді деп сенемін, – деді Ләззат Кеңесқызы.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз