
Жаңалықтар
Құлсарыда түйе баланы тапап кетті
Әлеуметтік желіде Атырау облысы, Құлсары қаласында көше ортасында баланы түйенің тапап кеткен сәті түсірілген бейнежазба тарады. Оқиға көпшіліктің алаңдаушылығын тудырды.
Мәселенің мән-жайын білу мақсатында Жылыой аудандық әкімдігіне хабарласқан едік.
– Көше кезген түйенің иесі әзірге табылған жоқ. Зардап шеккен 10 жасар бала Жылыой аудандық орталық ауруханасының травматология және ортопедия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Облыстық ауруханаға жіберуді қажет ететін көрсеткіш болған жоқ. Баланың аутизм диагнозы расталмаған, бірақ ол невропатолог дәрігердің Д есебінде тұр. Қазіргі жағдайы бір қалыпты, тұрақты, — деп мәлімдеді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазір оқиға бойынша тиісті органдар тексеріс жүргізіп жатыр.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

