Жарнама
Жаңалықтар

Құлсарыда балаға шабуыл жасаған түйеге қатысты жаңа мәлімет жарияланды

Атырау облысы, Құлсары қаласында көшеде баланы тапап, оны жарақаттаған түйеге байланысты жаңа деректер белгілі болды.

Жылыой аудандық әкімдігінің мәліметінше, қараусыз жануар арнайы оқшауланған алаңға қамалған. Қазір оның иесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ветеринариялық инспекция өкілдерінің айтуынша, түйенің құлағындағы сырға Маңғыстау облысына тиесілі, алайда жануар деректер базасында тіркелмеген. Мамандар түйені тексеріп, оның бойынан ешқандай ауру белгілері, соның ішінде құтыру вирусы анықталмағанын мәлімдеді.

Жануардың нақты иесін анықтау жұмыстары көршілес өңір мамандарымен бірлесе жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Құлсары қаласында көшеде түйенің баланы тапап кеткені туралы ақпарат жариялаған едік.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: pixabay

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button