ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды

200618164222539e COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/18 маусым, 2020 жыл. «Құрметті қазақстандықтар! Менің де оқшаулануыма тура келді…

Инфекциядан қанша сақтансам да, болмады. Коронавирус инфекциясының симптомсыз формасын анықтады. Тезірек сауығып, жұмысқа оралу үшін дәрігерлердің барлық нұсқауын орындап жатырмын. Азаматтардан барлық қауіпсіздік шараларын ұстануды өтініп сұраймын. Маска тағып, антисептик қолданып, үнемі қолдарыңызды жуып жүріңіздер. Барлық гигиена ережелерін сақтағандарыңыз дұрыс. Барлығыңызға мықты денсаулық тілеймін!», – деп жазды Ералы Тоғжанов Фейсбуктегі парақшасына.

Еске салайық, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа байланысты оқшауланғаны хабарланды. Сондай-ақ, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирусқа тапсырған тест сынамалары теріс нәтиже көрсеткенін жазды.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз