aukavpkvupavpaen

Қордайдағы қақтығыстан Қырғызстанға қашқандарға Үндеу жарияланды (+ВИДЕО)

ATR.TV Жаңалықтар

Atr.kz/9 ақпан, 2020 жыл. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қырғыз еліне қашып кеткендерді Отанына оралуға шақырды.

Бұл туралы ол Сортөбе ауылының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Ең бастысы, түн тыныш өтті. Құдай қаласа, әрі қарай да солай болады. Облыс әкімімен бірге әйелдер мен балалардың оралып жатқанын көрдік. Сіздердің Отаныңыз – Қазақстан, елге оралу керек. Біз 150 жыл бойы бейбітшілік пен достықта өмір сүріп келеміз. Тұрмысымыз жақсы, нысандар салынып жатыр, бәрінің баспанасы бар», – деді Бердібек Сапарбаев.

Ол қазір 27 адам ауруханада жатқанын, бесеуі Алматыда екенін атап өтті. Екеуі – ауыр хәлде. Он адам бүгін үйіне жіберілді, деп нақтылады вице-премьер.

«Үйі өртеніп кеткен тұрғындарға материалдық өтемақы төленеді. Облыс әкімі үй-жай дайындап жатыр, олар азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Малы мен көлігінен айырылғандар да өтемақы алады», – деді Сапарбаев.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қырғыз еліне қашып кеткендерді Отанына оралуға шақырды. Бұл туралы ол Сортөбе ауылының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Ең бастысы, түн тыныш өтті. Құдай қаласа, әрі қарай да солай болады. Облыс әкімімен бірге әйелдер мен балалардың оралып жатқанын көрдік. Сіздердің Отаныңыз – Қазақстан, елге оралу керек. Біз 150 жыл бойы бейбітшілік пен достықта өмір сүріп келеміз. Тұрмысымыз жақсы, нысандар салынып жатыр, бәрінің баспанасы бар», – деді Бердібек Сапарбаев.

Ол қазір 27 адам ауруханада жатқанын, бесеуі Алматыда екенін атап өтті. Екеуі – ауыр хәлде. Он адам бүгін үйіне жіберілді, деп нақтылады вице-премьер.

«Үйі өртеніп кеткен тұрғындарға материалдық өтемақы төленеді. Облыс әкімі үй-жай дайындап жатыр, олар азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Малы мен көлігінен айырылғандар да өтемақы алады», – деді Сапарбаев.

Вице-премьермен кездесуде жергілікті тұрғындар әлі күнге туысқандарын таба алмай жатқанын айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған