Қоқыс уақытылы неге шығарылмайды?

WhatsApp Image 2019 08 25 at 13.36.54 1 Жаңалықтар

Atr.kz/25 тамыз, 2019 жыл. Облыс әкімі қаладағы нысандарды аралау барысында, «Арнаулы автобаза» ЖШС қарасты қоқыс полигонына барып,жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.


«Арнаулы автобаза» ЖШС өкілдерінің айтуынша, жеке инвесторлардың қаражатына салынған қоқыс сұрыптау кешенінде аралас, бөлек жинау, коммуналды қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау және қоқысты қайта өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, кешен жұмысы барысында акваторияға техникалық шығарындылар шығарылмайды, бұл жобаны іске асыру санитарлық жəне экологияға зиян келтірмейді деп айтуға негіз береді. Сұрыптаудың арқасында алынған қоқыс кейіннен ҚР мен ТМД-да өңделеді.

Кешен жылына 100 000 тоннаға дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауға есептелген. Бұл өз кезегінде полигондағы қоқыс санын айтарлықтай азайтуға көмектеседі. Кешеннің ашылуында 35 жаңа жұмыс орны ашылды.

WhatsApp Image 2019 08 25 at 13.36.54
WhatsApp Image 2019 08 25 at 13.36.54 2
WhatsApp Image 2019 08 25 at 13.36.55

Облыс әкімі полигондағы өрттердің алдын алу жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ,тұрғындармен тығыз жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.

– Біз бүгінде қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Жалпы кәсіпорын дұрыс бағытта жүмыс жасауда. Қоқыс сұрыптайтын кешеннің құрылысына инвесторлар қаржысын бөліп,салды. Бүгінде полигонда өрт оқиғасын орын алуға жол берілмеуде. Бұл жақсы жетістік, деді Нұрлан Ноғаев.

– Бірақ, қоқысты уақытында шығаруға көп көңіл бөлу қажет. Біз тұрғындардың қоқыс контейнерлеріне құрылыс және жеке қалдықтарды тастайтындықтарын, сіздердің оларды кəдеге жаратумен айналыспайтындықтарыңызды білеміз. Дегенмен, халық бұдан зардап шекпеуі керек. Қоқысты уақытында шығару-сіздердің негізгі міндеттеріңіздің бірі, оған барынша күш салу қажет.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз