Жарнама
Жаңалықтар

Қоғам қауіпсіздігі мен тәртіптің айғағы

Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында фотокөрме өтті.

834be202 53f4 4b3b 946f 4e8cd9e71c0d

— Көрменің басты мақсаты – полиция қызметінің сан қырын көрсету, заңға адал қызмет етудің маңызын айқындау және халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайту. Бүгін біз қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі болып табылатын «Заң мен тәртіп» қағидасын дәріптеу және полицияның оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара өткізіп отырмыз. Оның шеңберінде полиция қызметінің түрлі қырларын ашып көрсететін фотокөрме ұсынылған, – деді департаменттің жеке құрам жөніндегі басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Арман Нәсіпқалиев.

Шара барысында студенттер мен қонақтар полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысы мен ерлікке, жауапкершілікке толы сәттерін бейнелейтін суреттерді тамашалады. Экспозицияда криминалистика, жол қозғалысы қауіпсіздігі, есірткі қылмысына қарсы күрес, сондай-ақ арнайы жасақ қызметі сияқты бағыттар қамтылды. Сонымен қатар студенттерге полиция қызметіне шақыру жөніндегі жадынамалар таратылды.

— Көрмеден алған әсерім ерекше. Полиция қызметінің қаншалықты жауапты әрі тәуекелге толы екенін бұрын-соңды бұлай терең сезінбеппін. Әр суреттен батылдық, сабыр және елге деген адалдықтың рухы сезіледі. Бұл көрме мені өз мамандығым арқылы да қоғамға пайда әкелуге ынталандырды, – деді журналистика факультетінің І курс студенті Ирина Алексюнайте.

Бұл шара қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің маңызын айқындап, жастарды заң қызметкерлеріне құрметпен қарауға, әділдік пен борышқа адалдық рухында тәрбиелеуге бағытталды.

Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button