
Қазақстанда жүргізуші куәліктері жаңартылады
Елімізде жүргізуші куәліктерінен чип алынып тасталады. Бұл туралы республика Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаевтың айтуынша, чиптің енді қажеттілігі жоқ — барлық деректерді жол полициясы қызметкерлері онлайн түрде мемлекеттік базадан көре алады.
Жүргізуші туралы барлық мәлімет цифрлық базада бар. Сондықтан куәліктегі чипті алып тастау еш қиындық туғызбайды, -деді ол.
Министрлік ұсынған негізгі өзгерістер бойынша жүргізуші куәлігінде чип болмайды. Құжаттың бағасы өзгермейді, себебі мемлекеттік баж мөлшері заңмен бекітілген. Куәлікті өзімен алып жүру міндеті алынып тасталады. Бұрын берілген куәліктер мерзімі біткенше жарамды. Құжатта донор болу туралы белгі көрсетілмейді.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА


