
Қазақстанда жеке көлік әкелу ережесі өзгерді
Бүгіннен бастап Қазақстан азаматтарына шетелден жүк көліктері мен автобустарды әкелуге шектеу енгізілді. Енді мұндай техниканы тек заңды тұлғалар, компаниялар ғана импорттай алады.
Бұл өзгеріс Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық регламентіне енгізілген түзетулер негізінде күшіне енді. Жаңа талапқа сәйкес, жеке тұлғалар бұрынғыдай ауыр жүк тасымалдауға арналған көліктер мен жолаушылар автобустарын өз атына рәсімдей алмайды. Дегенмен, азаматтарға жеңіл автокөлік, мотоцикл және шағын техниканы әкеліп, тіркеуге рұқсат сақталады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары жеке тұлғалар тарапынан техникалық талаптарға сай келмейтін, экологиялық стандарттарды бұзатын көліктерді әкелу көбейген. Жаңа ереже осындай тәуекелдердің алдын алып, ел аумағындағы көлік сапасын арттыруға бағытталған.
Еркеназ ҚАЛИЖАН
Сурет: inbusiness.kz



