
Қазақстанда жасырын табысты анықтаудың жаңа механизмі енгізіледі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық органдары азаматтардың жасырын табысын анықтау үшін жанама әдісті қолдана бастайды. Егер адамның ресми табысы оның шығыстарымен — қымбат мүлік сатып алумен, банктегі салымдарымен, ипотека және несие төлемдерімен, шетелдегі активтерімен сәйкес келмесе, салық қызметі шығындар мен активтерді талдап, табысты қайта есептей алады, деп хабарлайды dauletten.kz.
Бұл әдіс есеп жүргізу тәртібі бұзылғанда немесе шығындарды растайтын құжаттар ұсынылмаған кезде қолданылады. Салық органдары банктік шоттардағы ақша қозғалысын, активтердің құнын және шығындарды салыстырып, қажет болса банктерден, мемлекеттік органдардан және шетелдік мекемелерден қосымша ақпарат сұрата алады.
Жиналған мәліметтер ресми табыспен салыстырылып, айырмашылық анықталса, қосымша салық есептеледі. Жаңа механизм жасырын табысты азайтып, қаржылай ашықтықты арттыруға бағытталған.
Еркеназ ҚАЛИЖАН
Сурет ашық дереккөзден алынды


