
Қазақстанда үш АЭС салынады
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан аумағында үш атом электр станциясын салу көзделіп отырғанын мәлімдеді.
Негізгі алаң ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданының Үлкен ауылы таңдалған. Сонымен қатар облыс аумағынан тағы бір перспективалы орын белгіленді.
Оңтүстік өңірде электр энергиясына тапшылық бар, қазіргі кезде қуат солтүстіктен жеткізіледі. Жоспарланып отырған АЭС бұл аймақтың энергия қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстан облысында Каспий маңында шағын және орта қуатты реакторлары бар атом станциясын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір нақты орналасатын жер анықталған жоқ, зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Айта кету керек, қазір Қытайлық компаниялармен келіссөз жүргізілуде, алайда түпкілікті шешім қабылданбаған. 2025 жылдың ақпанында Үкімет Жамбыл ауданында АЭС салу туралы қаулы қабылдады. Жоба жүзеге асқан жағдайда Қазақстанда энергия тапшылығын азайтып, өңірлердің тұрақты электрмен қамтылуы күшеймек.
Қ.ШӘКІРОВ


