
Қазақстанда нарықтық ипотека неге қымбаттап жатыр?
Қазақстанда нарықтық ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 25%-ға дейін өсті. Бұл азаматтар үшін айтарлықтай ауыртпалық тудырып отыр, себебі мұндай мөлшерлемемен алынған қарыз көлемі екі еселеніп қайтарылады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұған дейін ЖТСМ шекті деңгейін 20%-ға дейін төмендетуді жоспарлаған еді. Алайда бұл талаптың күшіне ену мерзімі 2026 жылдың 1 шілдесіне шегерілді.
Мамандардың айтуынша, мұндай шешімнің бірнеше негізгі себебі бар:
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-дан 18%-ға дейін көтерді, бұл өз кезегінде несие ақшасының құнын арттырды.
Банктер үшін 20%-бен ипотека беру тиімсіз, себебі тәуекел деңгейі жоғары, ал табыс маржасы төмен.
Қазір нарықтағы қолжетімді ипотекалық өнімдердің басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ұсынылып отыр.
Бұл бағдарламалар азаматтарға төмен мөлшерлемемен баспана алуға мүмкіндік беріп, үй сатып алудың жалғыз тиімді жолына айналған.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ



