Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда «Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы» Заң әзірленуде

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жаңа бастама қолға алынды. Қазіргі уақытта «Мүмкіндігі шектеулі балаларды (тұлғаларды) кешенді қолдау туралы» Заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы республика Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл маңызды құжат Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы және ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасы негізінде дайындалуда.

Заңның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау, оларды медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерімен тең әрі үздіксіз қамту.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім департаментінің директоры Бұлбұл Елеусінованың айтуынша, заң қабылданғаннан кейін балаларға атаулы әрі тұрақты қолдау көрсетудің бірыңғай жүйесі құрылады. Құжат Қазақстанға 2024 жылы БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеті берген ұсынымдарды іске асыруға да бағытталған.

Бүгінде елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 235 мың бала бар. Олар үшін:

508 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді (110 ПМПК, 230 КППК, 99 арнайы мектеп, 45 мектепке дейінгі ұйым, 13 оңалту орталығы, 11 аутизм орталығы);

әрбір білім беру ұйымында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтері құрылды;

29 мыңнан астам маман көмек көрсетуде;

1000-нан аса инклюзия кабинеті ашылған.

Нәтижесінде балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту деңгейі 85%-ға жетті.

Жаңа заң қабылданған жағдайда инклюзивті білім беру саласы жүйелі дамып, балалардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермек.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button