Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды тез анықтайтын мобильді қосымша пайда болды

200321205320938a3628219i Жаңалықтар

Atr.kz/21 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда коронавирусты бақылау мен жұқтыру жағдайын тез хабарлауға мүмкіндік беретін қосымша ойлап табылды.

Бұл туралы хабарлаған «ҚазАқпарат» тілшісі мұндай қосымша Қазақстанда індеттің таралуын бақылауға мүмкіндік беретінін айтады. Онлайн қосымша Android пен iOS алаңдарында екі күннен соң қолжетімді болады. Қазір вебсайт үлгісі covid19live.kz атауы бойынша істеп тұр.

Қосымша арқылы:

– Қазақстанда індеттің таралу картасын,

– сақтық құралдары туралы ақпаратты,

– ауруханалар мекенжайы мен оперативті орталықтардың мекенжайлары орналасқан бірыңғай терезе,

Сонымен қатар, қосымшаның «Мен жұқтырдым» функциясы арқылы науқастың барған жерлерін және онымен байланыста болған адамдарды, белгілей алады.

Егер адам сол рейспен ұшқан болса «мен байланыста болдым» деген ақпарат қалдыра алады. Қосымша авторлары бұл ақпараттың барлығы анонимді болып қалады деп сендіреді.

Аман ШАМАР

http://atr.kz/bez-rubriki/atyraulyқ-fermerler-koronaviruspen-kүreske-bir-million-teңge-bөlmek/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз