Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда көлік лизингі енгізіледі

Қазақстандықтар енді көлік сатып алмас бұрын оны лизинг арқылы рәсімдей алады. Яғни азаматтар автокөлікті алдымен жалға алып, кейін өз атына ресімдеу мүмкіндігіне ие болмақ. Мұндай бастаманы Үкімет көтеріп отыр. Жаңа шешім халықтың көлік сатып алуын жеңілдетіп, отандық автонарықтағы қолжетімділікті арттыруды көздейді.

Үкіметтің ресми хабарламасында атап өтілгендей, отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру бағдарламаларын одан әрі жалғастырады. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға арналған жеңіл автокөлікті лизингке алу тетігі енгізіледі. Бұл механизм азаматтарға көлікті бірден толық сатып алмай, белгілі бір мерзім бойы жалға пайдаланып, кейін өз меншігіне аударуға мүмкіндік береді.

«Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі. Бұл азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған», – делінген Үкімет хабарламасында.

Жаңа шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қабылданып отыр. Президенттің бастамасы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және экономикалық реформалардың теріс салдарын азайтуға бағытталған. Сарапшылардың пікірінше, лизинг тетігінің енгізілуі халықтың көлікке қолжетімділігін арттырып қана қоймай, отандық автосалондар мен өндірушілердің де жұмысын жандандыра түседі.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Сурет: Stan.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button