Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда биыл 90 мыңға жуық киік ауланды

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, қазір 88 500 бас киік ауланып, олардың барлығы ет комбинаттарына тапсырылған. Қазір ел аумағында 20 адамнан тұратын 10 бригада киік популяциясын реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Министрлік мұндай шараның негізгі мақсаты киік санының шамадан тыс көбеюінен экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына жол бермеу екенін атап өтті. Биыл көктемде жүргізілген ресми санақ нәтижесі бойынша еліміздегі киік саны 4 миллионға жуықтаған. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады.

Киік санының күрт артуы жайылымдардың тозуына, егістік жерлердің бүлінуіне және ауыл шаруашылығына елеулі шығын келтіру қаупін тудырып отыр. Сол себепті Экология министрлігі биылғы жылы шамамен 800 мың бас киікті ату мүмкіндігін қарастырған болатын.

Мамандардың айтуынша, реттеу жұмыстары қатаң бақылау мен ветеринарлық талаптарға сай жүргізіліп жатыр. Ауланған киіктердің еті арнайы өңдеу кәсіпорындарына жеткізіліп, санитарлық нормаларға сәйкес кәдеге жаратылады.

Еркеназ ҚАЛИЖАН,

Сурет: Nur.kz сайтынан алынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button