Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда агромаркетплейс іске қосылады

Қазақстанда фермерлер мен сауда желілерін тікелей байланыстыратын агромаркетплейс құрылады. Жобаны республика Сауда министрлігі мен «Қазақтелеком» бірлесіп жүзеге асырады. Жүйе фермерлер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) және сауда орындары арасындағы делдалдарды жояды. Агромаркетплейс 2025 жылдың соңына дейін іске қосылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы жыл басынан бері 8 пайызға көтерілгенімен, тамыз-қыркүйек айларында өсім тоқтады. Картоп, сәбіз, пияз бағасы тұрақтанған. Сонымен қатар сиыр етінің жауырын-бел бөлігі экспортқа ең тартымды өнімге айналып отыр.

2025 жылы Қазақстаннан 30 мың тонна ет және 10 мың тонна тірі мал экспорттау жоспарланған. Алайда Үкімет тірі малды шетелге шығаруға тыйым салып, тек отандық өңдеуші кәсіпорындарға ет экспорттауға мүмкіндік берді.

Өсімдік шаруашылығында да оң көрсеткіш байқалды: 2025 жылдың жеті айында жалпы өсім 51 пайызды құрады. Бидай экспорты 56 пайызға, күнбағыс майы 76 пайызға, арпа 94 пайызға артты.

Халықаралық ынтымақтастық аясында ЕАЭО шеңберінде БАӘ және Моңғолиямен келісімдер жасалды. Индонезиямен келісімге дайындық жүріп жатыр. 2028 жылға қарай күнбағыс майының жылдық айналымын 1 млрд АҚШ долларына жеткізіп, Қазақстанды әлемдегі ең ірі үш жеткізушінің қатарына қосу жоспарлануда.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button