0 24

Қазақстанда 184 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Оқу жылы басталған екі жарым ай ішінде Қазақстанда 184 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 73-і – кезекші сыныпта оқитын балалар.

«Sputnik» сайтының хабарлауынша, биыл оқушылар күзгі демалыс кезінде он күн демалады, олар бесінші қарашада демалысқа шығады.

 Биыл мектеп оқушылары бесінші қараша күзгі демалысқа шығады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

«2020 жылы күзгі демалыс он күнге созылады, оқушылар 5-14 қараша аралығында демалады», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Өткен жылы күзде демалыс 28 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталды. 

Айта кетейік, биыл оқу жылы коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқу форматында басталды. 

Ал бастауыш сыныптар ата-ана өтініші бойынша мектепте кезекші сыныптарда оқи алады.

Биыл қысқы демалыс 11 күнге созылады (31 желтоқсан 2020 жыл – 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күнге жалғасады (20-31 наурыз 2021 жыл).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған