Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды

IMG 4750 03 06 19 07 30 Жаңалықтар

Atr.kz/3 маусым, 2019 жыл. Мемлекет басшысы «Болашақ» зауытының өндірістік нысандарын тікұшақпен аралап көрді.

Қазақстан Президентіне мұнай-газ саласының ахуалы мен оны дамыту перспективалары жөнінде баяндалды.

IMG 4752 03 06 19 07 30

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына мұнай өңдеудің және тұрақтандырудың, сұйылтылған газды мұнайдан ажыратып алу және тазалаудың, табиғи күкіртті өндірудің және оны сақтау мен тасымалдаудың технологиялық үдерістері таныстырылды.

IMG 4742 03 06 19 07 30

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс орнының Атырау қаласынан алыс емесін атап өтіп, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлуге шақырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының еңбек құқығын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

IMG 4754 03 06 19 07 30 1

Қазақстан Президенті кәсіпорын ұжымын тәулігіне 370 мың баррель мұнай өңдеп, рекорд жаңартуымен құттықтады және мұнайшыларға табыс, бақ-береке тіледі.

IMG 4753 03 06 19 07 30

Аtr-Ақпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз