0 54

Қазақстан Ливияға қару тасымалдаған үш әуекомпанияның жұмысын тоқтатты

Жаңалықтар Құқық

atr.kz/23 қыркүйек, 2020 жылБіздің елде тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі санкцияларының бұзылуы бойынша 2020 жылдың ақпанында Қазақстанға хат ұсынылған болатын.

 Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Ливияға қару жеткізу жөніндегі тыйымын бұзған қазақстандық үш әуекомпания бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрлік бұл жұмыстар «Azee Air» ЖШС, «Sigma Airlines» ЖШС және «Jenis Air» ЖШС-ға қатысты жүргізілгенін хабарлады.

Әуе кемелерінің меншік иелері – Біріккен Араб Әмірліктері (SPACE CARGO INC., AGANYA LTD) мен Британ Виргин аралдарында (LTD «Infinitive Seal Inc.») тіркелген шетелдік компаниялар.

Бұл ұшақтар Таяу Шығыс аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылған. Ұшақтардың негізгі базасы Біріккен Араб Әмірліктері болып табылады. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясы бар елдерге рейстер үшінші елдердің аумағы арқылы жүзеге асырылған.

«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, шетелде қалыптасқан тасымалданатын жүктердің сипатын пайдаланушы мемлекет, яғни Қазақстан бақыламайды. Керісінше, ұшу жүзеге асырылатын шет мемлекеттің мемлекеттік органдары жүкті қадағалайды», – делінген хабарламада.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстан Республикасы заңнамасының, ICAO стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесінің талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізді. Нәтижесінде, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының 2020 жылдың 29 мамырдағы №167/1 бұйрығына сәйкес, аталған үш әуе компанияның азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы сертификатын, соның ішінде «Sigma Airlines» ЖШС сертификатының қолданылуын уақытша тоқтатты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған