Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстан бейбітшілік пен диалог мәдениетін дамытуға басымдық береді – Президент Тоқаев

Түркіменстанда Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына және елдің тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форум өтіп жатыр. Осы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбітшілік бағытындағы бастамалары туралы маңызды ойлар айтты.

Президенттің сөзінше, бейбітшілік пен келісім еліміздің сыртқы саясатының негізгі тірегі. Бұл қағидалар Қазақстанның ішкі тұрақтылығы үшін де шешуші рөл атқарады.

Тоқаев Қазақстанда дінаралық, этносаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Осы бағытта елімізде 20 жылдан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіліп келе жатқаны соның айқын дәлелі.

Мемлекет басшысы жақында Астанада өткен VIII Съезде Қазақстан ұсынған «Бейбітшілік қозғалысы» бастамасына тоқталды. Бұл бастама қантөгісті тоқтатуға, мемлекеттерді бітімге шақыруға және болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейді.

Сөз соңында Тоқаев Ашхабадтағы форум елдер арасындағы өзара серіктестікті күшейтіп, әділетті әлемдік тәртіп орнатуға бағытталған халықаралық күш-жігерге жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Ләззат Жылқышиева

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button