Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстан азық-түлік қолжетімділігі бойынша әлемде 21-орында

Қазақстан азық-түлік тауарларының қолжетімділігі жөніндегі халықаралық рейтингте 146 елдің ішінде 21-орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай ілгеріледі. Былтыр көрсеткіш бойынша 34-сатыда тұрған еді. Зерттеу нәтижелері Numbeo платформасының деректеріне негізделген. Бұл платформа түрлі елдердегі баға деңгейін базалық көрсеткіш ретінде алынған Нью-Йорк қаласымен салыстырады. 2025 жылғы маусым айындағы есеп бойынша, Қазақстандағы азық-түлік қолжетімділік индексі 27,8 пайызды құрады. Бұл елдегі азық-түлік бағасы Нью-Йоркпен салыстырғанда 72,2 пайызға арзан екенін көрсетеді.

Numbeo мәліметтеріне сай, Қазақстан азық-түлік бағасының қолжетімділігі жөнінен Еуразиялық экономикалық одақ елдері Ресей мен Арменияны, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің басым бөлігін басып озды. Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь Қазақстанмен бірге алғашқы отыздыққа енді. Ресейде азық-түлік бағасы Қазақстанға қарағанда 22,3 пайызға, Арменияда 30,4 пайызға, Тәжікстанда 24,3 пайызға жоғары. Көршілес елдердің ішінде баға деңгейі бойынша Қазақстанға тек Қырғызстан мен Өзбекстан жақындай алған. Бұл деректер еліміздің азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығының сақталып отырғанын айғақтайды.

Numbeo талдауы елдердегі азық-түлік бағасымен қатар табыс деңгейін де ескереді. Ет, көкөніс, жеміс-жидек және жарма сияқты негізгі өнімдер бойынша баға ең төмен елдердің қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Өзбекстан бар екен.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Сурет: Gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button