Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Жаңалықтар

«Қазақфильмге» қатысты ауқымды өзгеріс болады

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы біріктірілуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім болды.

— Кезінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылған болатын. Мәдениет министрлігі Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен аталған орталықты қосу мәселесін пысықтап жатыр. Өйткені орталықтың басты міндеті – құжаттарды тексеру. 2026 жылы осы екі ұйымды қосып, қайтадан «Қазақфильмге» тарихи міндеттерін орындау мүмкіндігі берілмек, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, елімізде иделогиялық тұрғыдан тартымды фильмдерге қолдау жасалады.

Еске салсақ, былтыр Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясы тікелей мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жағы қаралып жатқанын айтқан еді.

kaz.inform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button