Жарнама
Жаңалықтар

Qazaq Air жаңа халықаралық бағыттарды іске қосады

Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқанд қалаларына тікелей екі жаңа халықаралық бағыт ашады.

Республика Көлік министрлігінің хабарлауынша, бұл бастама Орталық Азиядағы әуе қатынасын кеңейтіп, аймақ елдері арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға бағытталған. Жаңа бағыттар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты арттыру, туризмді, сауданы және мәдени байланыстарды дамыту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді.

Рейстер кестесі Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша — 2025 жылғы 7 қарашадан бастап, жұма және жексенбі күндері; Астана – Бішкек – Астана бағыты бойынша — 2025 жылғы 10 қарашадан бастап, дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Астанадағы хаб арқылы Qazaq Air жолаушыларға Бішкек, Самарқанд, Омбы, Новосібір және Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы рейстерді ұсынады.

Жаңа әуе бағыттар аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға, сондай-ақ елдер арасындағы өзара қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button