Жарнама
Жаңалықтар

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мақсат Тәж-Мұрат өмірден өтті

Атырау-Ақпарат” медиахолдингі ұжымы көрнекті жазушы, эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Мақсат Әнесұлы Тәж-Мұраттың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен шәкірттеріне, барша қаламдас және оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады.

Мақсат Әнесұлы – қазақ руханиятының ірі тұлғаларының бірі, әдебиет пен баспасөздің өркендеуіне елеулі үлес қосқан қаламгер. Ол өзінің терең білімін, сындарлы көзқарасын және ұлтқа деген шексіз махаббатын публицистика мен көркем әдебиет арқылы ұштастырып, кейінгі ұрпаққа рухани қазына қалдырды.

Жазушының қаламынан туған «Шәңгерей: жасампаздық өмірі», «Батыс Алаш-Орда: биобиблиографиялық сөздік тәжірибесі», «Ғұмар Қараш: өмірі мен шығармашылығы», «Кәбиса жыл», «Қаһармандық анатомиясы. Мәншүктің мәлімсіз майданы», «Димаш. Когда жаждут крика» сынды еңбектері – ұлттық әдебиет пен тарихқа қосылған баға жетпес мұра.

Мақсат Тәж-Мұраттың азаматтық болмысы, ұлт алдындағы жауапкершілігі мен шығармашылық биігі ел жадында мәңгі сақталады. Оның өнегелі өмір жолы мен рухани мұрасы жас қаламгерлерге, ғылым мен әдебиетке қызығушы жас буынға шамшырақ болмақ.

Иманы саламат, жаны жәннатта болсын!

“Атырау-Ақпарат” медиахолдингінің ұжымы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button