2020080312150522329 800px kassym jomart tokayev  2019 04 03

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны мен қызметіне арналған telegram-канал ашылды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. «ҚР Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ өзінің PTRK.KZ Telegram- арнасын іске қосады.

Ресурстың эксклюзивті контенті деректі фильмдерінің қызықты фрагменттерімен, сондай-ақ YouTube арнасының бейнеөніміне сілтемелермен толықтырылады.

Контент Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының құжаттық жылнамасын ұсынатын бірегей мұрағаттық сурет және бейнематериалдарды пайдалана отырып, осы коммуникациялық платформаның ерекшеліктері ескеріле жүргізілетін болады.

«ҚР Президентінің телерадиокешені замануи Қазақстан дәуірінің мультимедиалық жылнамасы ретінде өз Telegram-арнасын ашады, ол арнада, тек бізде сақталған бірегей және сирек кездесетін кадрларды ұсынамыз» – дейді Телерадиокешеннің бас директоры Раушан Қажыбаева.

Өткен жылдардағы бейтарап «куәгерлер» ретінде эксклюзивті бейнелер мен сирек кадрлар табиғи байлығы мен қайталанбас ландшафттары және жерінің аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған халықтың үздік өкілдері, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы баяндайды.

Telegram-арнадағы ерекше бөлімнің бірі – Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың өмірбаянына, қызметтік мансабына, қазіргі қызметіне қатысты эксклюзивті материалдар орналастырылатын айдар.

Р.Қажыбаеваның айтуынша, ресурстың эксклюзивті контенті қоғамдық-саяси деректі фильмдер форматында шығарылған Телерадиокешеннің деректі фильмдерінің қызықты фрагменттерімен, сондай-ақ Телерадиокешеннің YouTube арнасының бейнеөніміне сілтемелермен толықтырылады.

«Закон.кз»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған