
Жаңалықтар
«Қайраттың» қақпашысы халық арасында «қаһарман» атанды
30 қыркүйекте Алматыда қазақстандық футбол тарихындағы аңызға айналған матч өтті, онда «Қайрат» «Реалмен» кездесті. Ойын қорытындысы бойынша қонақ команда 5:0 есебімен жеңіске жетті, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Алайда, қазақстандық футбол жанкүйерлері қарсыластың толық басым жеңісіне аса мән берген жоқ.
Бұған басты себеп – «Қайрат» сапында доп үшін жан аямай күрескен ойыншылар болғанын бәрі көрді. Солардың бірі – қазақстандық клубтың жас футболшысы Шерхан Қалмұрза. Ойыннан кейін ол танымал болып оянды. Команданың жанкүйерлері оның Instagram парақшасына көптеген мақтау пікірлерін жазып қалдырған. Міне, сол пікірлердің бір бөлігі:
- Бізде қақпашылар қатты ойнайды!
- Европа қарашы,Бұл Қалмұрзаның баласы!
- Шерхан өте жақсы төтеп берді!
- Бұл жолғы ойын үлкен жеңіске дайындық болды, үміт қайта жанды, жеңістің көкесі алда, баға жетпес опыт, мотивация алды. Шерхан мың рақмет саған!
- Жалғыз өзі ғана Реалмен ойнап көзге түсе білдің!
- Шерхан қанша допты қақты, керемет!
- Еркек!
Бұған дейін «Қайрат» бапкері командасының «Реалдан» ойсыра жеңілуіне қатысты пікір білдірген болатын.



