Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларды табыс етті

20190506122254 Жаңалықтар

Аtr.kz/7 мамыр, 2019 жыл.  Бүгін Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар мерекесіне орай бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Атап айтқанда,  1-дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Қарулы күштерінің Бас штабы бастығының орынбасары Әділбек Алдабергенов, ҚР Бас прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев, ҚР Қарулы күштері Құрлықтағы әскер бас қолбасшысының орынбасары Василий Рысбаев;

 2-дережелі «Даңқ» орденімен  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің  бастығы Сәбит Құрманәлиев және Қостанай облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов марапатталады.

Ал 2-дәрежелі «Айбын» ордені Мемлекеттік күзет қызметі Президент күзеті қызметінің бас инспекторы Виктор Балясниковқа, Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасовқа, ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары Ринат Көкімбаевқа, 48386 әскери бөлімінің командирі Талғат Құсайыновқа, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбековке,  28738 әскери бөлімінің командирі Жанат Расқұловқа,  Атырау қалалық полиция басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының инспекторы Рүстембек Сүндетовке, ҚР Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштері әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары Нұрболат Топаев, 03858 әскери бөлімінің командирі Мейрам Хамзинге табыс етілді. 

 Мұнан бөлек, 3-дәрежелі «Айбын» ордені Мемлекеттік күзет қызметі Нысандарды қорғау қызметі «Айбын» президенттік полкының аға маманы Амангелді Хуайыновқа, «Құрмет» ордені ҚР Бас прокуратурасы Үкімдердің заңдылығын қадағалау қызметі бастығының орынбасары Радимхан Дубаеваға берілді.                  

20190506122313
20190506122329
20190506122340
20190506122347
20190506122400
20190506122406
20190506122413
20190506122420

Дереккөз: «Қаз Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз